Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 5:05 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 477 километр қашықтықта 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.3.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.