Accessibility links

"Газпром" "Нафтогазға" келісімдерді бұзатынын ескертті


Алексей Миллер, "Газпром" компаниясының басшысы.
Алексей Миллер, "Газпром" компаниясының басшысы.

Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер 5 наурызда Украинаның "Нафтогаз" компаниясына газ жеткізу және газ транзиті туралы келісімдерді бұзатыны жайлы ресми ескерту жолданғанын хабарлады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, келісімдер Стокгольм арбитраж соты арқылы бұзылмақ.

2 наурызда Миллер Украинамен газ тасымалдау туралы барлық келісімді бұзу процесі басталғанын жариялаған. "Газпром" басшысы мұны Стокгольм арбитраж сотының компанияны "Нафтогазға" толық жеткізіп бермеген газ үшін өтемақы төлеуге міндеттейтін шешім шығарғанына жауап деп атаған. "Нафтогаздың" басқарма төрағасы Андрей Коболев Ресей әрекетін "газ арқылы бопсалау" деп атады.

Стокгольм арбитраж соты 28 ақпанда "Газпром" "Нафтогазға" төрт жарым миллиар доллар өтемақы төлеуі тиіс деген шешім шығарған. "Газпром" бұған жауап есебінде Украинаның наурыз айына деп газға алдын ала төлеген ақшасын қайтарып беріп, газ құбырындағы қысымды азайтып тастаған.

XS
SM
MD
LG