Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 6:19 кезінде Қытай аумағында жер сілкінген. Бұл туралы Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлады.
4.6 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 459 километр қашықта, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында, жер қабатының 5 километр тереңдігінде болған деп хабарланды.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеген.