Ақмола облысында аста 58 адам тамақтан уланды деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеген жергілікті ақпарат агенттіктері.
Оқиға Шортанды кентінде 6 наурыз күні болған. Кафеде асқа жиналған кісілерге бір күн бұрын пісірілген ет тартылған. Астан соң 58 адам тамақтан уланып, дәрігерге жүгінген. Олардың 15-і ауруханаға жатқызылған, 43-і үйінде емделіп жатыр.
Бұл оқиға бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті аурудың себептерін анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде піскен еттің санитарлық талапқа сай сақталмағаны анықталған. Асқа 150 адам жиналған.