Accessibility links

Грекия министріне оқ салынған хат жолдаған


Грекия сыртқы істер министрі Никос Котциас
Грекия сыртқы істер министрі Никос Котциас

Грекия сыртқы істер министрі Никос Котциастың атына қоқан-лоқы жазылған хат пен оқ салынған конверт полицияның қолына түскен. Reuters агенттігінің хабарлауынша, соңғы айларда министрдің атына әлдекімдер осындай бірнеше хат жолдаған, ақпанда келген бір хаттан үш оқ табылған.

Никос Котциас Грекия мен Македония арасындағы атауға байланысты даулы мәселе бойынша келіссөздерге тұрақты қатысып келеді. Құрамында Македония провинциясы бар Грекия бұрынғы Югославиядан 1991 жылы бөлініп шыққан көрші Македония елінен атауын өзгертуді талап етеді. Македония мемлекеті оған келіспейді.

Министр Коциас жақын арада Македония астанасы Скопьеде "Македония" атауына байланысты жалғасатын келіссөздерге тағы бармақшы. Афина мен Скопье өзара келіссөздерді жеделдетуге келіскен. Македония мемлекетінің атауына байланысты проблема НАТО мен Еуропа Одағына қосылуға ниетті Скопье кезіккен бөгеттердің біріне айналған.

XS
SM
MD
LG