Accessibility links

Ресей Орталық Африка еліне әскерилерін жіберді


Орталық Африка Республикасы әскерилері. (Көрнекі сурет)
Орталық Африка Республикасы әскерилері. (Көрнекі сурет)

Ресей Орталық Африка Республикасына бес әскери қызметкері мен 170 азаматтық мамандарын жіберген. Олар жергілікті армия сарбаздарын жаттықтырмақ. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігі (СІМ) хабарлады.

Ресей сонымен бірге Орталық Африка Республикасына атыс қару-жарағы мен оқ-дәрілерді тегін берген. Ресей СІМ аталған елге мұндай жәрдем көрсету БҰҰ салған шектеуге қайшы келмейді деп хабарлаған. Бұған дейін қабылданған халықаралық санкциялар бойынша, БҰҰ-ға мүше барлық елдерге Орталық Африка Республикасына қару-жарақ пен оқ-дәрінің кез-келген түрін сатуға тыйым салынған. Бірақ, кей шарттарды орындаған жағдайда, бұл эмбаргоны айналып өтуге мүмкіндік бар.

Әлемдегі ең кедей он елдің қатарындағы Орталық Африка Республикасында жергілікті мұсылман көтерілісшілер биліктегі христиан дініндегі президентті құлатып, орнына өз адамын қойғаннан кейін халықаралық қауымдастық тарапынан бұл елге қару-жарақ сатуға шектеу енгізілген. Билікті күшпен құлатудың соңы этникалық сипаттағы жанжал мен қарулы қақтығыстарға ұласқан.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша, Орталық Африка Республикасы аумағында көпсалалы кешенді миссия жұмыс істейді және мың жарымнан аса француз әскери қызметкерлері бар.

XS
SM
MD
LG