Accessibility links

Өзбекстан билігі "Тастүрмені" сүруге пәрмен берді


Ташкенттегі "Тастүрме" абақтысы.
Ташкенттегі "Тастүрме" абақтысы.

Өзбекстан үкіметі Ташкенттегі ел аузында "Тастүрме" аталып кеткен №1 тергеу абақтысын үш ай ішінде сүруге пәрмен берді. Үкіметтің 22 наурыз күні шығарып, әділет министрлігі Telegram мессенджерінде таратқан бұйрығы бойынша, түрменің орнына саябақ салынады.

Қаңтар айында Азаттықтың Өзбек редакциясы – Озодлик радиосы "Тастүрмедегі" барлық тұтқын Ташкент облысының Зангиата ауданында салынған жаңа түрмеге ауыстырылғанын хабарлаған. Жаңа тергеу абақтысы жұлдыз пішінінде салынған және тоғыз блоктан тұрады.

Ресми мәлімет бойынша, жаңа абақты ғимаратын жобалау кезінде климат, санитарлық және қауіпсіздік талаптары мен жазаны өтеуге қатысты басқа да ерекшеліктер ескерілген.

Оқи отырыңыз: Өзбекстан жазаны атқару қызметінің басшысы виртуалды қабылдауын ашты

Өзбекстанда сотталушылар жазасын өтейтін 52 мекеме бар. "Тастүрме" - елдегі ең ірі тергеу абақтыларының бірі саналады. Абақты 1891 жылы патшалық Ресей генерал-губернаторының бұйрығы бойынша салынған.

XS
SM
MD
LG