Кемерово облысындағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 64 адамға жетті деп хабарлады Ресей төтенше жағдай министрі Владимир Пучков. Министрдің айтуынша, алты адамның мәйіті үйінді астынан әлі шығарылмаған.
Өрттен 40-тан астам адам зардап шекті. Оның 10-ы ауруханада жатыр. Бұған дейін Ресей Тергеу комитеті қаза тапқандар арасында тоғыз бала барын хабарлаған.
Сауда орталығындағы өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. 26 наурыз күні таңертең өрт толық сөндіріліп, үйінділерді аршу жұмыстары басталған. Өрттен сауда орталығының шатыры ортасына опырылып түскен.
Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
Кемероводағы өрт