Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Самар ауылында құтқарушылар арнасынан асу қаупі бар өзенге жақын орналасқан үйлерден тұрғындарды көшіріп жатыр деп хабарлады бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының сөзінше, қаупті аймақта орналасқан 90-ға тарта үйде 200-ге жуық адам тұрады. Хабарламада тұрғындардың көбі мекен-жайын тастап шығудан бас тартып отырғаны айтылған.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Бұқтырма өзенінде су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты Зырянов ауданындағы Зубовск кентінде су алған үйлерден тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіре бастағаны туралы хабарлаған.