Accessibility links

Германия СІМ: Ресей әрекетінен үнемі проблема туындайды


Хейко Маас, Германия сыртқы істер министрі.
Хейко Маас, Германия сыртқы істер министрі.

Германия сыртқы істер министрі Хейко Маас 15 сәуір күні Ресейдің шетелдердегі іс-қимылын сынады. Министр Мәскеуді Германия Сыртқы істер министрлігіне (СІМ) кибершабуыл жасады деп айыптап, Ресей саясатын өзгертуі тиіс екенін айтты. Маас Украина шығысындағы қақтығысты тоқтатуда ілгерілеушілік жоғын, Ұлыбританияда химиялық қару қолданып шабуыл жасалғанын, Сирия президенті Башар Асадты қолдап отырғанын және Батыс елдеріндегі сайлауларға килігуін Ресейдің "проблема тудыратын іс-әрекеті" деп атады.

"Сыртқы істер министрлігіне шабуыл жасалды және біз оны Ресейден көреміз" деді министр Германияның ZDF телеарнасына берген сұхбатында. Оның сөзінше, Германия бұл оқиғаларды "конструктивті саясат" деп қарастырра алмайды.

Германия үкіметінің шенеуніктері ақпан айында үкіметтің компьютерлік желілеріне "тұйықталған" кибершабуыл жасалғанын анықтаған. Өткен аптада Германияның ішкі барлау агенттігінің басшысы кибершабуылдың артында Мәскеу тұруы "өте ықтимал" екенін айтқан.

Социал-демократ, Ресейге қатысты қатаң ұстанымдағы Маас кеше ARD телеарнасына Мәскеудің "шолжаң серіктес" бола бастағанын айтты. Дегенмен, Берлин Сириядағы дағдарысқа байланысты Мәскеумен диалогты жалғастыруға бейіл. Хейко Маастың сөзінше, Германия Сирия мәселесінде Ресейден конструктивті әдіс күтеді.

XS
SM
MD
LG