Accessibility links

Саргсян Армения премьері болып сайланды


Серж Саргсян. 17 сәуір 2018 жыл.
Серж Саргсян. 17 сәуір 2018 жыл.

17 cәуірде Армения ұлттық жиналысы (парламент) елдің бұрынғы президенті, Республикалық партияның лидері Серж Саргсянды премьер-министр етіп тағайындады. 76 депутат Саргсянның кандидатурасын қолдаса, 17 депутат қарсы шыққан. Заң бойынша премьер-министрлікке тағайындалу үшін 53 дауыс қажет.

14 сәуірден бері Арменияда экс-президент Серж Саргсяннің кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынуға қарсы акциялар өтіп жатыр. Ереванда демонстранттар белсенділерді полиция ұстап әкетіп жатқанына қарамастан акцияны тоқтатпақ емес. Азаттықтың Армян редакциясының хабарлауынша, Ереванда соңғы мәлімет бойынша, полиция 59 адамды ұстап әкеткен.

Акцияға қатысушылар Саргсянді "билікті басып алды" деп айыптайды. Саргсян 2007-2008 жылдары Армения премьер-министрі, одан кейінгі 10 жылда президент болған. Биыл аяқталған конституциялық реформадан соң Армения парламенттік басқару формасына өткен. Енді елді іс жүзінде премьер-министр басқармақ.

XS
SM
MD
LG