Accessibility links

Тәжікстанда Ұлт лидері қоры құрылды


Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.
Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.

Тәжікстанда мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын Ұлт лидері қоры құрылды. Бұл мәселе 19 сәуірде парламенттің кезекті отырысында талқыланды.

Мемлекеттік бюджетке енгізілген түзетулерге сәйкес, жыл сайын Ұлт лидері қорына мемлекеттік бюджеттің 0,2 пайызы аударылады. Биыл республика бюджеті шамамен 2,5 миллиард доллар (21 миллиард сомони) болса, жыл сайын бұл қорға 4 миллион доллардан астам қаражат бөлініп отырады.

Ұлт лидері қорын құру туралы үкімет ұсынысын елдің әділет министрі Рустам Шохмурод көтерген. Қор қаражаты қайырымдылыққа жұмсалады.

2016 жылы күзде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Бейбітшілік пен ұлт бірлігінің негізін қалаушы - Ұлт лидері" туралы жаңа конституциялық заңға сәйкес, Тәжікстан тәуелсіздігінің негізін қалаушы болып жарияланған. Аталған заң "Ұлт лидері" ордені мен сыйлығын тағайындап, Ұлт лидері атындағы мұражай, кітапхана және мұрағат ашуды қарастырады.

Биыл ақпанда Эмомали Рахмон демократияны дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік сыйлық тағайындаған. "Ұлт лидері - Эмомали Рахмон" сыйлығы демократияны дамытуға ерекше үлес қосқан ел және шетел азаматтарына, сонымен бірге азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

"Ұлт лидері - Эмомали Рахмон" сыйлығының ақшалай жүлдесі де бар. Ол 2500 төменгі айлық есептік көрсеткішке - 125 мың сомониге (14 мың доллар) тең.

XS
SM
MD
LG