Accessibility links

Мирзияев министрлерді ауылдарға жібермек


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте отырған министрлерді "халықтың күнделікті күнкөрісімен танысып, қиындықтарын көру үшін" ауыл-аймақтарға жіберетінін айтты.

"Ташкентте тұрып жатқан 70 пайыз министр мен шенеунік енді провинцияларға барып тұрады. Олар Ташкентте қалмайды" деді 26 сәуірде өткен Үкімет отырысында.

"Теледидардан халықтың сусыз, газсыз, жарықсыз отырғанын көреміз. 32 миллион халықтың екі жарым миллионы Ташкентте тұрады. Қалған адамдар басқа аймақтарда өмір сүріп жатыр" деді президент.

Мирзияев ауылдарға қай министрлердің аттанатынын, олардың басқа аймақтарда қанша уақыт болатынын нақты айтпады. Тек "бұл мәселеге қатысты жақында президент жарлығы шығады" деді.

Оқи отырыңыз: "Мұғалім мен дәрігерді жұмысқа жегу – сатқындық"

Өткен апталардың бірінде Мирзияев мұғалімдер мен дәрігерлерді "міндетінен тыс жұмысқа шығарған" шенеуніктер жұмыстан қуылатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG