Армения президенті Армен Саркисян оставкаға кеткен премьер-министр Серж Саргсянмен және премьер-министрдің міндетін атқарушы Карен Карапетянмен кездесті. Бұл туралы Армения президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Саркисян отставкаға кетсе де елдегі саяси ахуалға қатысты билікке кеңес беруін жалғастырып жатыр.
23 сәуірде Армения премьер-министрі Серж Саргсян қызметінен кеткен. Ол оппозиция он шақты күн өзіне қарсы шеру өткізген соң осындай шешім қабылдаған. Жаңа премьер-министрді сайлау 1 мамырда өтуі тиіс.
Видео: Армения неге толқыды?