Accessibility links

Қырғызстанда 6 жасар баланы "зорлағандар" сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда Жеті-Оғыз аудандық соты үш оқушыға 6 жасар баланы зорлады деген айыппен үкім шығарды.

Ыстықкөл облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың бірі 9 жылға сотталып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізеді. Қалған екеуінің 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Олардың үшеуі де кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған колонияға жіберілген.

Сот шешімімен сотталушылардың бірі 100 мың сом (1470 доллар), қалған екеуі 50 мың сомнан моральдық өтемақы өтеуі тиіс.

Тергеу мәліметі бойынша, 2017 жылдың сәуір айында Жеті-Оғыз ауданының тұрғыны 6 жасар көршісін зорлаған. Кейін, оған тағы екі жеткіншек қосылған. Сәби болған оқиғаны ата-анасына айтқан. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалған. Күдікпен 16 және 17 жастағы үш адам ұсталған. Олардың бәрі айыптарын мойындаған.

XS
SM
MD
LG