Accessibility links

Кремльде Путин ант қабылдайды


Путин Кремльдегі Андреевский залына кіріп келеді. 2012 жылғы инауграция.
Путин Кремльдегі Андреевский залына кіріп келеді. 2012 жылғы инауграция.

7 мамырда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің инауграциясы өтеді. Ант қабылдау рәсімі Кремльдің Андреевский залында болады. Ант қабылдағаннан кейін Путин Кремль полкының парадын тамашалайды.

Халықаралық және ресейлік агенттіктер Владимир Путин 7 мамырда Думаға премьер-министр кандидатурасын ұсынады деп хабарлады.

Бұған дейін агенттіктер Путиннің жұртқа кедергі келтірмес үшін кортежбен жүру дәстүрінен бас тартқанын жазған. 2012 жылғы 7 мамырда Путин президент болып үшінші рет сайланған. Сол кезде ол көшелерді жауып тастап, Ақ үйден (Үкімет үйі) Кремльге дейін көлікпен барған.

5 мамырда Владимир Путиннің 4-президенттік мермізге сайлануына қарсы Ресейдің көптеген қалаларында "Ол бізге патша емес" деген ұранмен наразылық шарасы өтті. "ОВД-Инфо" дерегінше, наразылық кезінде 27 қалада мың жарымнан астам адам ұсталған. Кейін полиция олардың біразын босатқан. Ал қамалғандардың кейбіріне қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

"Левада-центр" зерттеу орталығының әлеуметтанушылары жүргізген сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 47 пайызының пікірінше, Владимир Путиннің билікке келуі "Ресейге ұлы держава статусын" қайтарады. Сауалнамаға қатысқан ресейліктердің 45 пайызы Путин "әлеуметік мәселелерді шеше алмай отыр" және "кірісті дұрыс бөлмейді" деген. Тағы бір топ жалақы мен зейнетақыны көтергенін қалайды. Әлеуметтанушылар 2015 жылмен салыстырғанда, Путинге сенетіндер саны азайып бара жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG