Париж Сириядағы жағдайды реттеу үшін президент Башар Асад кетуі керек деген талап қоймайды. Бұл туралы "Коммерсантъ" газетіне Францияның Ресейдегі елшісі Сильви Берманн айтты.
"Біз Сирия халқы үшін ештеңе ешешпейміз, бірақ, Башар Асадтың кетуіне қатысты әңгіме жоқ" деді дипломат.
Сильви Берманның сөзінше, Сирия мәселесін реттеуге қатысты Мәскеу мен Париждің ұстанымдары ұқсас. Бұл - гуманитарлық көмек көрсету, химиялық қару қолданбау, терроризммен күрес және сириялық қақтығыстағы барлық тараптарды қамтып аталған мәселенің саяси шешімін іздеу.
Франция президенті Эммануэль Макрон 6 мамырда шыққан француздық "Journal du Dimanche" басылымына берген сұхбатында Ресеймен диалогта болу маңызды екенін айтқан. Оның ойынша, бұл мемлекеттер қарым-қатынасындағы дағдарыстарды еңсеруге септігін тигізеді. Макрон өзінің интервенционизмді жақтамайтынын және сириялық режимге қарсы күрескісі келмейтінін мәлімеді.
Макрон Франция Дума қаласындағы химиялық қару қолдануына қарсы болғандықтан ғана АҚШ және Ұлыбританиямен бірге Сирияға шабуыл жасағанын айтты.