Accessibility links

Индонезияда шіркеулерге шабуылдан бірнеше адам қаза тапты


Жанкешті бомбамен шабуыл жасаған шіркеу маңында тұрған полиция қызметкерлері. Сурабая, Индонезия, 13 мамыр 2018 жыл.
Жанкешті бомбамен шабуыл жасаған шіркеу маңында тұрған полиция қызметкерлері. Сурабая, Индонезия, 13 мамыр 2018 жыл.

Индонезияның Шығыс Ява аймағындағы, көлемі жағынан елдегі екінші ірі қала саналатын Сурабаяда жексенбі күні таңертең үш христиан шіркеуінде болған жарылыстар салдарынан кемінде 9 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап жергілікті баспасөз құралдары хабарлады.


Қасиетті Мария шіркеуінде болған алғашқы жарылыстан кейін арасына бірнеше минут салып тағы екі шіркеуде бомбалар жарылған.

Полицияның мәлімдеуінше, бір жанкешті өз-өзін бомбамен жарып жіберген. Тағы бір бомбаны полицияның залалсыздандырғаны хабарланды.

Билік бұл шабуылдарға жергілікті радикалдық исламшылдар ұйымының қатысы болуы мүмкін деп санайды.

XS
SM
MD
LG