Accessibility links

Навальныйдың партиясы "Болашақ Ресей" деп аталмақ


Ресей полициясы кезекті мерзімге президент болып сайланған Владимир Путиннің инаугурациясы қарсаңында "Ол бізге патша емес" қарсылық акциясына шыққан оппозиционер Алексей Навальныйды ұстап жатыр. Мәскеу, 5 мамыр 2018 жыл.
Ресей полициясы кезекті мерзімге президент болып сайланған Владимир Путиннің инаугурациясы қарсаңында "Ол бізге патша емес" қарсылық акциясына шыққан оппозиционер Алексей Навальныйды ұстап жатыр. Мәскеу, 5 мамыр 2018 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың саяси партиясы "Болашақ Ресей" деп аталмақ. Бұл туралы шешімді оппозиционердің жақтастары мамырдың 19-ы күні өткен съезде қабылдады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Навальный негізін қалаған "Жемқорлыққа қарсы күрес қорының" заңгері Любовь Собольдің айтуынша, әзірге партия Әділет министрлігінің тіркеуінен өтпеген.


Алексей Навальныйдың өзі қазір қамауда отыр. Мамырдың 5-і күні "Ол бізге патша емес" қарсылық акциясы кезінде ұсталған оппозиционерге "қоғамдық шаралар ұйымдастыру тәртібін бұзған" және "полицияға бағынбаған" деген айып тағылып, мамырдың 15-інде Мәскеу соты оны 30 тәулікке қамаған. Биыл Ресей президенті қызметіне кезекті мерзімге сайланған Владимир Путиннің инаугурациясы қарсаңында, мамырдың 5-і күні Ресейдің бірқатар қалаларында "Ол бізге патша емес" қарсылық акциясына шыққан Навальныйдың жақтастарын билік ұстап, әкімшілік жауапқа тартып жатыр.

Видео: Ресейдегі Путинге қарсылық шеруі (5 мамыр 2018 жыл)

Ресейдегі Путинге қарсылық шеруі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:03 0:00

Жаңа партияның құрылтай жиыны өтетіні туралы хабарлама Ресей әділет министрлігіне сәуірдің басында жолданып, министрлік хабарламаны алғанын растаған. Ол кезде жаңа ұйымға уақытша "Жұмыс атауы" деген ат берілуін Навальный партияны ешкім "ұрлап алмас үшін" жасалды деп түсіндірген.

Ақпанның 22-і күні Навальныйдың Мәскеудегі штабы басшысының бұрынғы орынбасары Виталий Серуканов "Прогресс партиясы" съезіне қатысқаннан кейін әділет министрлігіне ұйымды тіркеу туралы өтініш берген. Серуканов әлгі өтінішті дәл осындай атаумен партия тіркетуді жоспарлаған Навальныйдың жақтастарынан екі апта бұрын беріп үлгерген. Навальный мен жақтастары 2012 жылдан бері "Прогресс партиясы" деген атаумен саяси ұйымды тіркетуге талпынып келген.

XS
SM
MD
LG