Accessibility links

Мемлекеттік дума бұғатталған сайттарға сілтеме беруге тыйым салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей Мемлекеттік думасы 5 маусымда интернетте іздеу қызметін көрсететін операторларға Ресейде тыйым салынған сайттарға сілтеме бергені үшін айыппұл салатын заң жобасын үшінші әрі соңғы оқылымда мақұлдады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерге сай, егер интернеттегі іздеу қызметін көрсететін сайттар қолданушылардың сұрауы бойынша бұғатталған ақпараттық ресурстарға сілтеме беруін тоқтатпаса, онда 500 мыңнан 700 мың рубльге дейін айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға тыйымды бұзғаны үшін 3-5 мың рубль, лауазымды тұлғаларға 30-50 мың рубль көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Операторлар "Роскомнадзордың Ресей аумағында бұғаттаған сайттары бар ақпараттық жүйелеріне кіруге қатысты міндеттерді" орындамағаны үшін де осындай айыппұл салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер жобасын "Единая Россия" партиясының депутаты Максим Кудрявцев, "Справедливая Россия" партиясының депутаты Николай Рыжак және Ресей коммунистік партиясының депутаты Александр Ющенко дайындаған. Бұл заң жобасы Мемлекеттік дума бір жыл бұрын қабылдаған анонимайзерлерге тыйым салатын заңға қосымша саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG