Accessibility links

15 күнге сотталған шымкенттік белсенді қамаудан шықты


Шымкенттік белсенді Ибрахим Әлсерке сотта сөйлеп тұр. Шымкент, 22 мамыр 2018 жыл.
Шымкенттік белсенді Ибрахим Әлсерке сотта сөйлеп тұр. Шымкент, 22 мамыр 2018 жыл.

5 маусымда Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамалған белсенді Ибрахим Әлсерке қамаудан шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Әкімшілік кодекстің "митинг, пикет өткізу ережесін бұзу" бабымен айыпталған белсендіні жақтастары күтіп алды.

- Мені Facebook желісіндегі парақшама "21 мамыр бірің қалмай шеруге шық. Шал кет" деп жаздың деп соттады. Бұл – жала. Әлі де болса мен бұл айыппен келіспеймін. Жерді сату не жалға беруге қарсымын. Бұл пікірімнен қайтпаймын, - деді ол Азаттыққа.

22 мамырда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 11 шамасында белсенділер Ибрахим Әлсерке мен Жарқынбек Сейтінбетті полиция үйінен алып кеткен.

Ибрахим Әлсерке 2016 жылы жер митингісі кезінде әкімшілік жауапқа тартылып, 15 тәулікке қамалып шыққан.

Оқи отырыңыз: Наразылық шарасынан кейін қанша адам жазаланды?

Мамырдың 10-ы күні Астана, Алматы және бірнеше облыс орталығында "саяси тұтқындарды босату" және "түрмедегі азаптауларды тоқтатуды" талап еткен наразылық шарасы өткен. Наразылық шарасына келген ондаған адамды полиция ұстаған. Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов Қазақстанда болған митингілерді "мен ұйымдастырдым" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG