Accessibility links

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды


Астанадағы үкімет үйі (Көрнекі сурет).
Астанадағы үкімет үйі (Көрнекі сурет).

Үкімет қаулысымен білім және ғылым вице-министрі болып Рүстем Биғари тағайындалды.

Рүстем Биғари 2009 жылдан осы уақытқа дейін президент әкімшілігі жанындағы ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. Әр жылдары президент әкімшілігінде бас сарапшы, кеңесші, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Қазақстанда кешеден бері жаңадан бірнеше вице-министр тағайындалып отыр. Кеше үкімет қаулысымен қаржы вице-министрі болып Руслан Еңсебаев, еңбек және халықты әлекметтік қорғау вице-министрі болып Нариман Мұқышев, денсаулық сақтау вице-министрі болып Олжас Әбішев және ақпарат және коммуникация вице-министрі болып Динара Щеглова тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG