Accessibility links

NASA ғалымдары Марста метанның органикалық молекулаларын тапты


Марста жүретін Curiosity аппараты.
Марста жүретін Curiosity аппараты.

АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) ғалымдары Марста метанның органикалық молекулалары табылғанын жариялады. Reuters-тің мәліметінше, метан молекулаларының табылуы бұл ғаламшарда тіршілік болғанын айғақтай алады. Жерде бұл газдың көбін негізінен микроорганизмдер шығарады.

Молекуланы Марс бетінде жүретін Curiosity аппараты тапқан. Аппарат соңғы бес жылдағы ауа құрамына талдау жасап, метан көлемі маусымға байланысты өзгеріп отыратынын аняқтаған. Ауадағы метан мөлшері жаз мезгілінде артып, қыста азайып отырған. Ауадағы газ концентрациясы бірнеше рет өзгереді.

Метан құрғап кеткен көл табанынан табылған. Ғалымдар газ Марс топырағының төменгі қабаттарында түзіледі деп жорамалдайды. Газ микробтардың әрекетінен немесе қандай да бір геотермалдық процестер нәтижесінде түзіледі деген де болжам айтылады. NASA ғалымдарының тұжырымымен келіспейтіндер де бар. Оны сынайтындар метан Марсқа Жерден жеткізілген деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG