Accessibility links

Жамбыл облысында жолаушы пойызы теміржолдан шығып кеткен


Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны теміржолдан шығып кетіп, адамдар зардап шеккен. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға маусымның 17-і күні Отар мен Шу станциялары арасындағы теміржол учаскесінде болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Астана-Алматы бағытындағы пойыздың сегіз вагоны жолдан шығып кеткен", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.


Төтенше оқиға болған жерге құтқарушылар, дәрігерлер, билік органдары өкілдері аттанған.

Интернетте оқиға орнынан түсірілген деп сипатталған әуесқой видеолар тарады. Онда теміржолдан шығып, бір жағына аунап қалған вагондардың ішінен адамдарды шығарып жатқаны көрінеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG