Accessibility links

Мәскеуде көлігімен жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізуші қамалды


Мәскеудің орталығында көлігімен адам қаққан Чынгыз Анарбекуулун сотқа ертіп келе жатыр. Мәскеу, 16 маусым 2018 жыл.
Мәскеудің орталығында көлігімен адам қаққан Чынгыз Анарбекуулун сотқа ертіп келе жатыр. Мәскеу, 16 маусым 2018 жыл.

Мәскеу соты қала орталығында көлігімен жаяу жүргіншілерді қағып өткен жүргізуші - Қырғызстан азаматын екі айға қамады. Жүргізуші Анарбек Чынгызуулуның адвокатының айтуынша, олар сот шешіміне шағымданбақ.

16 маусым күні Қызыл алаңда жеңіл көлік жолдың шетіне шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қаққан. Салдарынан жеті адам жараланған. Зардап шеккендер арасында Ресейге футболдан әлем біріншілігіне барған Мексиканың екі азаматы бар.

28 жастағы Чынгыз Анарбекуулу сотта 20 сағат бойы ұйықтамағандықтан көліктің тежегіші мен газын шатастырып алғанын айтты. Ол сонымен қатар кінәлі мойындайтынын айтып, зардап шеккендерден кешірім сұрады.

Оқи отырыңыз: Таксист: Апат алдында 20 сағат рульде болдым

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 18 маусымда Ресей билігі оқиғадан ешкім қаза таппағанына "тәуба" дегенін айтты. Ол сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG