Accessibility links

Макрон мен Меркель миграциялық саясатты талқылады


Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон.
Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон.

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель 19 маусым күні - Еуропа Одағының саммиті қарсаңында Берлин түбінде кездесті. Келіссөзде негізінен Германия үкіметін ыдырата жаздаған миграциялық саясат талқыланды. Ангела Меркель Париж бен Берлин еуро зонаға арналған жеке бюджет құруға келіскенін жариялады.

Эммануэль Макрон мен Англа Меркельдің кездесуі Берлиннен солтүстікке қарай орналасқан Мезеберг резиденциясында өтті. Келіссөз қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Макрон қазір Еуропа "өркениеттік таңдау" - құрлықтың ыдырауын қалайтындар мен біріккен Еуропаның "ілгері дамуын" қалайтындардың бірін таңдау алдында тұрғанын мәлімдеді.

Бұдан бұрын Франция экономика министрі Брюно Ле Мэр Еуропа елдерінің "жалпыеуропалық деңгейде шешілуі тиіс мәселелерді жеке дара шешуге талпынысынан" Еуропа Одағының "көз алдыда ыдырап бара жатқанын" мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG