Канада парламентінің жоғарғы палатасы - сенат мүшелері марихуананы заңдастыру туралы заң жобасын қолдап дауыс берді. Заң екі айдан соң күшіне енеді.
Канада марихуана өндірісі, тұтыну және бөлшек саудасына рұқсат берген Уругвайдан кейінгі екінші ел атанып отыр. Канадалықтар енді заң бойынша өзімен бірге 30 граммға дейін марихуана алып жүре алады және төрт түпке дейін марихуана өсіре алады. Заң арнайы комиссияның марихуананы еркін сатуға рұқсат беру туралы ұсынысы бірнеше жыл талқыланғаннан кейін қабылданып отыр.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо парламент шешімін құптады. "Балалар марихуананы енді еркін сатып ала алады, ал қылмыскерлер пайдадан қағылады. Бүгін біз жағдайды өзгертіп отырмыз" деп жазды Трюдо Twitter-де. Марихуананы заңдастыру Джастин Трюдоның сайлауалды ұрандарының бірі болған.
Заңдастыруға қарсылар балалар мен жасөспірімдер енді құрамында есірткісі бар шөпті оңай иеленіп алады және оның салдарын болжау қиынға сағады деп біледі. Бұдан өзге, олар рұқсат беру марихуананы қылмыстық жолмен өндіруді заңдастырады деп болжайды.
Соңғы жылдары АҚШ-тың тоғыз штатында марихуананы еркін сатуға рұқсат берілген. Бірақ федералдық заң марихуананы еркін саудалауға тыйым салады.
ПІКІРЛЕР