Accessibility links

Красноярскіде зейнетақы реформасына қарсы митинг өтті


Полиция зейнетақы реформасына қарсылық акциясын өткізген "Яблоко" партиясы Мәскеу филиалының жетекшісі Сергей Митрохинді ұстап әкетіп барады. 19 маусым 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Полиция зейнетақы реформасына қарсылық акциясын өткізген "Яблоко" партиясы Мәскеу филиалының жетекшісі Сергей Митрохинді ұстап әкетіп барады. 19 маусым 2018 жыл (Көрнекі сурет).

22 маусым күні Ресейдің Красноярск қаласында жүздеген адам зейнетақы реформасына қарсы билік рұқсат берген митинг өткізді. Акция қаланың тұрғын үйлер орналасқан түкпірдегі ауданында өтті. Акцияға қатысқандар зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петицияға қол жинауды бастады.

"Интерфакс" агенттігінің мәліметінше, митингіге шыққандар зейнетке шығу жасын ұлғайтпастан бұрын жаңа жұмыс орындарын ашуды талап етті. Аймақтық кәсіподақ өкілі Сергей Ледовский митинг қарарында елде зейнетақы реформасын дәл Ресей үкімет ұсынғандай түрде жүргізбеу қажеті айтылатынын мәлімдеді. Кәсіподақтар үкіметтің жоспарына балама бағдарламасы барын, оның негізгі пункті - екі миллион жаңа жұмыс орнын ашу екенін айтады.

Наразылар ұстап шыққан плакаттарда "Жұмыста бір кісідей арам қатамыз!", "Замандастарымды кемсітуді доғар!", "Жұмысқа жегілгенше, немере баққан артық" деген ұрандар жазылған.

Ресейдің түрлі қалаларында қазір жаңа митингілер өткізуге дайындалып жатыр. Ижевск тұрғындары маусым мен шілде айларына кем дегенде төрт акция ұйымдастырып жатыр.

Оқи отырыңыз: Доп додасы қызғанда Ресей оппозициясы наразылық танытпақ

Оппозициялық саясаткер Алексей Навлаьный да 1 шілдеде бірнеше қалада наразылық акцияларын өткізетінін жариялады. Навальный штабы 20 қалада, оның ішінде Красноярск, Амурдағы Комсомольск, Новокузнецк, Томск және Хабаровскіде акция өткізуге өтініш берген. Жеті қалада билік зейнетақы реформасына қарсы акциялар өткізуге келісім берген

16 маусымда Ресей үкіметі Мемлекеттік думаға елде зейнетке шығу жасын ерлер үшін 60-тан 65-ке, әйелдер үшін 55-тен 63-ке ұлғайтуды ұсынған. Өзгерісті 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланып отыр.

Видео: Ресейліктер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға наразы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG