Сегіз жылдық үзілістен кейін, Қырғызстанның Ыстықкөлі жағасындағы Балықшы кентіне Өзбекстаннан туристер пойызбен жетті деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің дерегі бойынша, биыл наурызда қайтадан іске қосылған теміржол қатынасы қызметін пайдаланған өзбекстандық алғашқы 150 турист маусымның 21-інде жолға шыққан. Бұл жолы Ыстықкөлге демалуға келгендер арасында Өзбекстанның барлық аймақтарынан кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар бар деп хабарланды.
Өзбекстандықтардың Ыстықкөлде демалуы келуі биыл мамырдың 22-23 күндері Ташкентте өткен KTE Tashkent-2018 алғашқы көшпелі туристік көрмесі кезінде жасалған келісім аясында ұйымдастырылып отыр.
ПІКІРЛЕР