Accessibility links

Түркістанды дамытуға арнайы штаб құрылды


Түркістандағы Ясауи кесенісі (Көрнекі сурет).
Түркістандағы Ясауи кесенісі (Көрнекі сурет).

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласын дамытуға арнайы штаб құрылды деп xабарлайды Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, маусымның 27-і күні Түркістанға премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин арнайы іссапармен келіп, Түркістан аймағын дамыту келешегі туралы комиссияның бірінші отырысын өткізген. Жаңа облыс орталығын даму жоспарымен таныстырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы штаб құрылғанын мәлімдеген.

"Түркістандағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықты дамыту жобасына сәйкес қала аумағының көлемі 35 мың гектарға ұлғайған. Ал Түркістан қаласының шығыс бөлігінен жаңа қалашық салу үшін 670 гектар жер бөлініп отыр. Оның 170 гектар болатын аумағына әкімшілік-іскерлік орталық, 300 гектарына көп қабатты тұрғын үйлер салынады. Аталған қалашықта 65 мыңға жуық тұрғын тұрады" делінген xабарламада.

Маусымның 20-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарды. Ол бойынша, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді.

Оқи отырыңыз: Облыс орталығы болар Түркістандағы қазіргі өмір

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG