Польша Жоғарғы сотының төрағасы Малгожата Герсдорф елде сот жүйесін реформалау туралы жаңа заңның күшіне енгеніне қарамастан жұмысқа шықты. Жаңа заң бойынша, жасы 65-ке толған судьялар бірден отставкаға кетуі тиіс болғандықтан Герсдорф қызметін босатуы керек.
Герсдорф жұмысқа заңды конституцияға қайшы деп білетіндіктен шыққанын айтты.
Биліктегі "Құқық және әділеттілік" партиясы қолдаған заңға сай, Жоғарғы сот судьяларының үштен бірі егер президент Анджей Дуда өкілеттігін ұзартпаса, отствкаға кетуі тиіс. Жоғарғы сот судьясы заң талабын орындаудан бас тартты.
Польша оппозициясы биліктегі партияны сот жүйесін бақылауына алғысы келеді деп айыптайды. Кеше Варшавада заңға жаппай қарсылық акциясы өткен. Заңды Еуропа Одағы да сынаған.
ПІКІРЛЕР