Accessibility links

Борис Немцов өлімін тергеуді ЕҚЫҰ қадағаламақ


Кіші Владимир Кара-Мурза, Борис Немцов қорының төрағасы.
Кіші Владимир Кара-Мурза, Борис Немцов қорының төрағасы.

Берлинде бундестагта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік ассамблеясының (ПА) жыл сайынғы 27-сессиясы өтіп жатыр. 57 мемлекет парламентарийлерінің басын қосатын сессия тақырыбы "ЕҚЫҰ аясындағы міндеттемені орындау: парламенттің рөлі" деп аталады.

8 шілдеде АҚШ делегациясының қолдауымен және Борис Немцов қорының төрағасы - кіші Владимир Кара-Мурза, адвокат Вадим Прохоров және журналист Жанна Немцованың бастамасы бойынша Борис Немцовтың өлімі ісін ЕҚЫҰ-ның қадағалауы керектігі туралы тыңдау өтті. Ресей ресми делегациясының өкілдері тыңдауға қарсылық білдірді.

Владимир Кара-Мурза Берлинде Азаттықтың Орыс редакциясының тілшісімен әңгімесінде Ресей билігі Борис Немцовтыңң өліміне тапсырыс берушіні де, оны орындаушыны да іздегісі келмейтіндіктен, ЕҚЫҰ-ның оны қадағалауы қажет екенін мәлімдеді.

- ЕҚЫҰ-ның Мәскеудегі жиынының құжаты бойынша, заңдылықты сақтау, демократия мен адам құқықтары қандай да бір елдің ішкі мәселесі емес, халықаралық міндеттеме және оның орындалуына халықаралық бақылау керек. Біз тым болмағанда Ресей билігінің Борис Немцовтың өлімі мәселесінде үнсіз қалып, істі жауып қоюына мүмкіндік берілмегенін қалаймыз.


Дайындалып жатқан қарарда Ресей билігін Немцовтің өліміне қатысты жаңа тергеу жүргізуге шақырмақ. Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның қадағалауды қалай жүзеге асыратыны да нақтыланбақ.

7 шілдеде басталған ЕҚЫҰ сессиясы 11 шілдеде аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG