Әзербайжанның Гянджа қаласында наразылық танытушылар полициямен қақтығысып, екі полиция қызметкері қаза тапты.
Әзербайжан Бас прокуратурасының 10 шілде күні хабарлауынша, Гянджаның орталығында 200 шақты адам жиналып, полициямен қақтығысқан. Тәртіпсіздік кезінде екі полиция қызметкері қаза тапқан, қақтығыстан соң 40 шақты адам тұтқындалған.
Прокуратура жиналған адамдардың "радикалды діни топ" өкілдері екенін ғана айтып, басқа ақпарат бермеді. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ихсан Захидов Азаттықтың Әзербайжан редакциясына оқиғаға қатысты комментарий беруден бас тартты.
3 шілде күні қала басшысы Эльмар Валиевке оның кеңсесі алдында қастандық жасалған. Валиев пен оның оққағары оқ тиіп жарақаттанып, ауруханаға түскен. Полиция шабуылға күдікті ұсталғанын хабарлаған.
Наразылықтың қала басшысына шабуылмен байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.
ПІКІРЛЕР