Accessibility links

Брюссельде Грузия мен Украинаның НАТО-ға қосылуын талқылап жатыр


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 12 шілде 2018 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 12 шілде 2018 жыл.

Брюссельдегі НАТО саммитінде Грузия мен Украинаның альянсқа қосылу жайы талқыланып жатыр. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Грузияның альнясқа мүше болатынын мәлімдеді. Ол сонымен қатар НАТО Тбилисидің альянсқа қосылу талпынысын қолдайтынын айтты.

Столтенберг Грузияның Қара теңіз аймағындағы тұрақтылыққа үлес қосқанына алғыс білдірді. Бас хатшы НАТО Грузияның халықаралық деңгейде мойындалған, оның ішінде Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймағы қосылатын аумақтық тұтастығын қолдайтынын білдірді.

Йенс Столтенберг Украина президенті Петр Порошенкоға Украинаның НАТО-ға қосылуы ұзақ мерзімдік мақсат екенін айтып, реформаларды жалғастыра беруге шақырды. НАТО бас хатшысы Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын тағы да айыптап, Украинаның біртұтастығын қолдайтынын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG