Accessibility links

Дональд Трамп Лондонға сапарында Тереза Мэйді сынады


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй. Брюссель, 11 шілде 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй. Брюссель, 11 шілде 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияға ресми сапармен барған соң бірнеше сағаттан кейін британдық Sun таблоидына сұхбат берді. Трамп сұхбатында Ұлбыритания премьер-министрі Тереза Мэйдің елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуына қатысты бірнеше маңызды шешімін сынады.

Дональд Трамп Тереза Мэй өзінің Brexit бойынша келіссөз жүргізуге қатысты кеңестеріне қаперге алмағанын мәлімдеді. "Ол басқа жолды таңдады. Онысы сәтті шықты деп айта алмаймын. Бірақ ол өзіне бұдан басқа жол таппаған сияқты" деді Трамп.

АҚШ президентінің пікірінше, Мэй таңдаған ЕО-дан шығудың "жеңіл жолы" ЕО-мен экономикалық байланыстарды сақтап қалуды көздейтіндіктен АҚШ пен Ұлыбритания сауда-саттығын дамытуға кері әсер етеді. АҚШ бұл сынында АҚШ пен ЕО арасындағы және Лондон одақпен экономикалық байланысын сақтап қалған жағдайда Ұлыбританияға да тиіп кетуі ықтимал сауда дауын меңзеді.

Дональд Трамп сонымен бірге Лондон мэрі, Пәкістаннан шыққан иммигранттың ұлы Садик Ханды "терроризм қаупін еңсере алмады" деп, жұмысына теріс баға берді.


Ұлыбритания астанасында өзінің сапарына қатысты өтіп жатқан қарсылық акцияларына комментарий берген Трамп "Маған бұрын Лондон ұнайтын еді, алайда қазір мұнда келудің еш себебі жоқ екен" деді.

Дональд Трамп Тереза Мэймен Brexit-ке қатысты келісе алмай, отставкаға кеткен сыртқы істер министрі Борис Джонсон туралы оның "ел басқаруға қабілеті толық жететініне" сенімді екенін білдірді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG