Ресейдің Чита қаласында зейнеткерлік жасының ұлғаюы мен табыс салығына, бензин бағасының өсуіне қарсылық білдіріп, митингіге шыққандар Ресей президенті Владимир Путиннің отставка кетуін талап етті.
Жергілікті билік рұқсат еткен наразылық акциясына 120-ға жуық адам келді. Наразылар қолында "Еуропадай өмір сүрген кезде ғана еуропалық зейнетақы жүйесін талқылаймыз!", "Ешбір сенім жоқ "кепілдің" не қажеті бар?" деп жазылған плакаттар болды. Қаладағы Еңбек алаңына келгендер жерлестерін қыркүйектің 9-ында өтетін сайлауда «Единая Россия» партиясына дауыс бермеуге шақырды.
Митингіні "Азаматтық ынтымақтастық" Забайкал қоғамдық қозғалысының мүшесі Владимир Миронычев пен құқық қорғаушы Марина Савватеева ұйымдастырған.
Ереуілге билік бастапқыда рұқсат бермеген. Бірақ шілденің 13-інде Чита қаласының Черновский аудандық соты митинг өткізуге рұқсат бермеу шешімін сотқа берген белсенділердің арызын қанағаттандырды.
ПІКІРЛЕР