Accessibility links

Путин Украинаның НАТО-ға "қосылуынан" қауіптенеді


Fox News арнасына сұхбат беріп отырған Ресей президенті Владимир Путин.
Fox News арнасына сұхбат беріп отырған Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин "Украина мен Грузия НАТО-ға қосылса Ресей қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп санайды. Бұл туралы ол Дональд Трамппен кездесуінен кейін америкалық Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.

Журналист Крис Уоллеспен әңгімесінде Путин "2014 жылы Қырым статусына қатысты түбекте референдум өткізгенін", сондықтан оның аннексиялап алу жағдайын "демократия көрінісі" деп есептейтінін айтады.


Путин сұхбатта Мәскеудің АҚШ-тағы сайлауға араласпағанын және бір мәрте қайталады.

Ол биылғы наурызда "Сармат" зымыранының таныстырылымында қолданылған презентацияда "ядролық бомбаның Флоридаға соққы жасағанын" жоққа шығарды. "Ол жерде "Флорида" деп жазылып тұрған жоқ еді. Зымыран шардың басқа бір бұрышына ұшып бара жатқаны анық көрініп тұр", - деді Ресей президенті.

Журналистің "Путиннің көп қарсыласы неге қайтыс болып кетеді?" деген сұрағаны Ресей президенті "АҚШ-тың өз проблемасы жетіп жатыр" деп жауап берген. Бірақ "криминалдың ара-тұра байқалатынын", бұған "елдің "мемлекет ретінде қалыптасудың белгілі бір деңгейінде тұрғаны себеп" деп түсіндірді.

Оқи отырыңыз: Путинмен кездесуден соң Трамп сынға қалды

16 шілдеде Трамп пен Путин Хельсинкиде оңаша кездесіп, кейін бірігіп баспасөз конференциясын өткізген. Трамп АҚШ пен Ресей қатынасының "нашарлауына" Американы кінәлап, Мәскеуді "2016 жылғы сайлауға араласты" деп айыптаған барлау қызметінің тергеуін "қасірет" деп атаған. Трампты сенаторлар мен саясаткерлер "Путиннің алдында жүрексінді" деп жаппай сөккен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG