Accessibility links

АҚШ "сайлауға араласқан" Ресейге жаңа санкция қоюы мүмкін


АҚШ өкілдер палатасының спикері Пол Райан. Көрнекі сурет.
АҚШ өкілдер палатасының спикері Пол Райан. Көрнекі сурет.

Путин мен Трамптың Хельсинкидегі кездесуінен соң Конгрестегі республикашылдар Ресейге жаңа санкция қою мәселесін қайта талқылай бастады.

Жыл басында Конгресте таныстырылған санкция туралы заң жобасы Ресейдің АҚШ сайлауына "араласқанын" айтқан арнайы қызметтің мәлімдемесінен кейін 10 күннен соң күшіне енеді деп жоспарланған. Санкция қоюға президенттің қоюы міндетті де емес.

Соңғы бірнеше күн бойы ықпалды конгрессмендер заң жобасының қаралауын, тіпті жаңа санкциялар қойылуын қолдап шықты.

АҚШ өкілдер палатасы мен мемлекеттегі үшінші адам саналатын Пол Райан: "Біз ендігі санкция енгізіп те қойдық. Халықаралық қатынас комитеті, я қаржы, банк комитеттері Ресейге біз қоймаған басқа да санкциялар қоюдың қажеті бар десе, талқылауға әзірмін", - деді.


Сенаторлар Марко Рубио мен ван Холлен ұсынған заң жобасының тікелей Ресейге қатысты тұстары "тым қатаң" деп бағаланған. Мәселен, заң авторлары Кремльдің Америкадағы сайлауға араласқаны дәлелденсе, ресейлік мемлекеттік банктердің, энергетика және қорғаныс компанияларының, "Кремль тізіміне" кірген олигархтардың АҚШ-тағы активтерін бұғаттауды ұсынады.

Бірақ кезінде Ресейге енгізілген санкция авторларының бірі болған Дэниел Фрид бұл заң жобасын «әлемдік экономикаға салдары ауыр» деп сынаған.

Ресейге "сабақ беру" үшін жаңа ұсыныс айтып жатқандар да бар. Сенатор Кори Гарднер Ресейді "терроризмді қаржыландыратын" елдер қатарына қосу мәселесін жайлы заң жобасын жасағанын айтты. Мұндай ұсыныс бұрын да айтылған.

"Бортында үш жүзге жуық адамы бар малайзиялық ұшақ төрт жыл бұрын Ресей қондырғысынан ұшырылған зымыранмен атып түсірілді. Ресей көрші Грузия мен Украинаның территорияларын басып алды. Ауғанстандағы біздің жауларымыз бен Башар Асадтың саясатын қолдап отыр. Батыс демократиясына қатысты ақпараттық соғыс жүргізеді. Сайлауға араласқаны тағы бар. Биыл басқа елдің аумағында жүрген екі адамды улап, шектен шықты", - деді Гардтер.

Оқи отырыңыз: Путинмен кездесуден соң Трамп сынға қалды

Шілденің 16-ы күні Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен саммитте Трамп пен Путин екі сағат жеке кездесті. АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ресей президенті Владимир Путинге өз барлаушыларымнан қарағанда көбірек сенемін" дегенін жаппай сынға алған. Кейін Трамп "сөзден жаңылдым" деп, барлаушыларына сенетінін мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG