Accessibility links

Израиль әуеден соққы берген соң ХАМАС бітімге келді


Израиль күштерінің әуе соққысынан кейін Газа секторында әуеге көтерілген түтін. 14 шілде 2018 жыл.
Израиль күштерінің әуе соққысынан кейін Газа секторында әуеге көтерілген түтін. 14 шілде 2018 жыл.

Израиль жұма күні әскери қызметкерінің қазасына жауап ретінде Газадағы нысандарға әуеден ондаған соққы жасағаннан кейін Израиль мен Газа секторын бақылауда ұстап отырған ХАМАС тобы бітім туралы келісімге келген.

Израиль әскериі Палестина территориясынан атқылағанда мерт болған. Бұл 2014 жылдан бері Газамен шекарада израильдік әскерилер арасындағы алғашқы қаза.


ХАМАС тобы Израильдің әуе соққылары салдарынан қаза тапқан төрт палестиналықтың үшеуі өз жасағының адамдары екенін мәлімдеген. Сонымен бірге Израиль Газадағы нысандарға танкілерден атқылаған.

Сенбіге қараған түні Египеттің арағайындық етуімен тараптар атысты доғару туралы келісімге келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG