Accessibility links

Торонтода атыстан бірнеше адам жараланды


Канада полициясы (Көрнекі сурет).
Канада полициясы (Көрнекі сурет).

Канаданың Торонто қаласында атыс болып, кем дегенде тоғыз адам жараланды. Полицияның мәлімдеуінше, белгісіз адам 22 шілде күні қаланың Гриктаун ауданында оқ атып, тоғыз адамды жаралаған, соңынан өзін атқан. Жаралылар арасында бір бала бар.

Канаданың Global News агенттігі Торонто полициясындағы дереккөзіне сілтеме жасап, күдікті өзін атпас бұрын полиция қызметкерлеріне оқ жаудырғанын хабарлады.

Агенттіктің оқиғаға куә болған адамдарға сілтеме жасап хабарлауынша, қарулы адам 25 рет оқ атқан. Әзірге жаралылардың қандай жағдайда екені туралы мәлімет жоқ. Полиция ресми өкілі Марк Пугаш атыстың терроризммен байланысы бар деуге әзірге ерте екенін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG