Ақтөбеде Елек өзені жағалауындағы жағажайда демалушылардың үстіне тік жар құлап, бірнеше адам зардап шекті. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 шілде күні сағат 11:50 шамасында болған.
- Жағалаудағы тік жар опырылып құлаған кезде демалушылар топырақтың астында қалып қойған. Құтқарушылар үйіндінің астынан 2016 және 2017 жылы туған екі баланы алып шықты, - дейді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек тағы екі адамға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жағажай балалар ауруханасына жеткізілген екі сәбидің бірі толыққанды медициналық тексеруден соң үйіне жіберілген. Ал екіншісі - 10 айлық қыз бала қазір Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр. Дәрігерер баланың жағдайы бірқалыпты екенін айтады.
ПІКІРЛЕР