Accessibility links

Ирак: Эрбилде содырлар үкімет ғимаратын басып алды


Эрбилде содырлар басып алған үкімет ғимаратын қоршап тұрған қауіпсіздік қызметкерлері. Ирак, 23 шілде 2018 жыл.
Эрбилде содырлар басып алған үкімет ғимаратын қоршап тұрған қауіпсіздік қызметкерлері. Ирак, 23 шілде 2018 жыл.

Ирактың Күрдістан автономиясының әкімшілік орталығы Эрбил қаласында қарулы екі содыр үкімет ғимаратына шабуыл жасап, бірнеше полиция қызметкері жараланды деп хабарлады ресми дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. 23 шілде күні жасалған шабуылдан соң содырлар мен полиция арасында қақтығыс болды.

Эрбил губернаторының орынбасары содырлар төрт қабатты ғимараттың соңғы қабатын әлі бақылауда ұстап тұрғанын хабарлады. Ол сонымен қатар қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршап алғанын және тіке шабуылға дайындалып жатқанын айтады.


Reuters агенттігі содырлар ғимарат күзетшілерінің қаруын тартып алып, "Аллаху акбар" деп айқайлағанын, бірақ шабуылды кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз екенін айтады. Ирактағы ең тұрақты қалалардың бірі саналатын Эрбилде мұндай шабуыл сирек болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG