Accessibility links

БҚО-да жүздеген шаруашылық полигон аумағында орналасқан


Батыс Қазақстан облысының картасы.
Батыс Қазақстан облысының картасы.

Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданындағы 127 мал шаруашылығы Ресей жалға алған әскери сынақ полигоны аумағында орналасқан. Бұл туралы Азаттыққа аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов айтты.

Әкімнің сөзінше, жалға алған жер қауіптілігі жағынан үшке бөлінген. Шаруашылықтар үшінші категорияда орналасқан.

- Үшінші категорияда сынақ өте аз болады. Негізгі сынақтар бірінші және екінші категорияда жүргізіледі. Әскерилер ол жерде сынақ басталғаны туралы ескерту жасауға міндетті емес. Себебі ол маңда біздің шаруашылықтар ол маңда болмауы керек, - дейді әкім.

Әкімдіктің есебінше, Бөкей Орда ауданының барлық аумағының (1 млн 931 гектер) жартысын (944 мың гектар) Ресей жалға алған. Онда Ресейдің Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы мен Капустин Яр сынақ алаңы орналасқан.

Астана мен Мәскеудің келісімі бойынша бұл аймаққа құрылыс салуға тыйым салынған. Ал аудан басшылығы аймақтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

2017 жылы аймақтағы 1400 гектарды Қазақстан қиыршық тас өндіру үшін қайтарып алған.

Әскери полигонмен көршілес ауылдар. 2015 жылғы фильм

Әскери полигонмен көршілес ауылдар
please wait

No media source currently available

0:00 0:12:03 0:00

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG