Accessibility links

Консерватория жатақханасы алдында наразылық шарасы болды


Наразылыққа шыққан «Меруерт құрылыс» компаниясының өкілдері
Наразылыққа шыққан «Меруерт құрылыс» компаниясының өкілдері

Бүгін Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының Абай көшесі бойында орналасқан жатақханасының алдына он шақты адам жиналып, наразылықтарын білдірді.

Наразылыққа шығушылардың айтуынша, 2017 жылы аталған оқу орнының жатақханасын толық жөндеу мақсатында «Меруерт құрылыс» компаниясы консерватория басшылығымен келісім-шартқа отырған. Оған сәйкес, компания қыркүйек айында басталған жөндеу жұмысын желтоқсан айында аяқтауға тиіс болған.

Бірақ тапсырыс беруші мекеменің тиісті қаржыны бермеуіне байланысты жөндеу жұмысы әлі аяқталмаған және жұмысшылардың да жалақысы берілмеген.

- Тапсырыс берушімен арадағы келісім-шарт бойынша олар бізге 71 миллион тенге беруі тиіс болған. Оның 43 миллионы берілді. Қазір 28 миллион теңге қалып отыр. Соның салдарынан жұмыс істеген жұмысшыларыма да жалақы бере алмадым. Жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды, - дейді «Меруерт құрылыс» компаниясының жетекшісі Марат Нұрлыбеков.

Алайда "жұмыстың тек елу пайызы ғана біткенін айтып отырған" Құрманғазы атындағы консерватория өкілдері “компаниямен келісім-шарт жасаған адамның қазір қызметтен шеттетілгенін”, мәселені сот арқылы шешетінін айтып отыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG