АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын мойындаудан бас тартты. Бұл туралы ол сәрсенбі күні Сенат тыңдауында мәлімдеді.
Помпеоның мәлімдеуінше, АҚШ Қырымды Ресейдің территориясы деп ешқашан есептемейді және Украинаның территориялық тұтастығын қалпына келтіруді әрі қарай да талап ете береді.
Сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаментінің таратқан “Қырым декларациясы” атты мәлімдемесінде Помпео АҚШ "Кремль халықаралық құқықты таптап, Қырым түбегін күштеп басып алды" деген бұрынғы көзқарасынан танбайтынын айтты.
“АҚШ Ресейді баяғыдан өзі айтып келе жатқан принциптерді құрметттеуге және Қырымды басып алуын тоқтатуға шақырады” делінген сәрсенбі күні таратылған мәлімдемеде.
Бұл мәлімдеме Помпеоның Сенаттың халықаралық қатынастар комитетіндегі жиыны алдында таратылып отыр. Бұл жиында Помпеоның Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Хельсинкідегі кездесуіне қатысты күрделі сұрақтарға жауап беруіне тура келеді.
ПІКІРЛЕР