Accessibility links

Өзбекстанда президентке шағымдануға келген әйелдер ұсталған


Ташкенттегі жаңа ғимараттардың бірі
Ташкенттегі жаңа ғимараттардың бірі

Ташкентте милиция мен прокуратура органдарының әрекеттеріне шағымданып, президент әкімшілігінің ғимаратына келген бір топ әйел ұсталған.

30 әйелдің алтауына “ұсақ бұзақылық жасады” деген айып тағылып, он күнге қамалған. Қалғандары ескерту берілген соң босатылған.

Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі құқыққорғаушы Татьяна Довлатоваға сілтеме жасап хабарлады. Құқыққорғаушының айтуынша, оқиға 23 шілдеде болған. Жергілікті полиция оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген.

Құқыққорғаушының айтуынша, қамауға алынған әйелдің біреуінің ұлы түрмедегі азаптаудан қайтыс болып, анасы соған байланысты президентке шағымданғысы келген. Тағы бір әйел шетелде тұратын отбасына бару үшін виза ала алмай, сол мәселені айту үшін президент әкімшілігіне барған.

Құқыққорғаушының айтуынша, ұсталған әйелдердің бірінің екі жасар баласы да бар. "Өзбекстан заңнамасы бойынша, құқық қорғау органдары үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді ұстауына құқығы жоқ болса да ол қамауда" дейді Татьяна Довлатова.

Полиция жағдайға қатысты еш жауап қатпаған. Президент әкімшілігінің өкілі әйелдердің ұсталған туралы естімегенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG