26 шілде күні Алматы әуежайында SCAT әуе компаниясының ұшағы қонып келе жатқан кезде артқы бөлігі жерге тиіп кеткен деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.
“26 шілдеде Алматы әуежайында екінші айналым жасау кезінде Хургада - Алматы бағытындағы 5038 рейсі ұшағының артқы бөлігі ұшу-қону жолағына тиіп кетті. Соған қарамастан ұшақ сәтті қонды» делінген әуе компаниясының таратқан баспасөз баянында.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Тексеру басталған. Қазір компания ұшақтары қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр.
ПІКІРЛЕР