Тамыздың 7-сі күні сағат 23:17 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 15 километр тереңдігінде болды. Зілзала қуаты Қырғызстанда 5,1 магнитуданы құрады. Жер сілкінісінің дүмпуі Тараз және Шымкент қалаларында 2 балл шамасында сезілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ПІКІРЛЕР