Америкалық республикашыл сенатор Рэнд Пол Ресей президенті Владимир Путинге АҚШ президенті Дональд Трамптың хатын тапсырды. Рэнд Пол бұл жайында Twitter'-де жазды. Сенатор хатта терроризммен күресте ынтымақтастықтың және мәдени байланысты қайта бастаудың маңызды екені жазылғанын айтады.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптан дипломатиялық арналары арқылы хат алғанын растады. Песковтың сөзінше, Путин хатты әлі оқымаған.
Пол Рэнд америкалық делегация құрамында Мәскеуге тамыздың басында барған. Ол Федерация кеңесінің кейбір өкілдерін Вашингтонға келіп қайтуға шақырған.
8 тамызда Владимир Путиннің 16 шілдеде Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуінде оған қарулануға бақылау орнатуға қатысты бірнеше ұсыныс білдіргені белгілі болған. Politico порталының мәліметінше, Путин Трампқа ядролық қаруды шектеу және ғарышта қару-жарақ ұстауға тыйым салу жөнінде келіссөз өткізуді ұсынған.
ПІКІРЛЕР