Қытай АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясын қайта енгізгеніне қарамастан бұл елмен экономикалық байланыстарын сақтай бермек.
Қытай Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдеме бойынша, Қытай Иранмен ашық сауда-саттық жасай береді және БҰҰ салған санкция шеңберінен шықпайды. Пекин осы себепті Вашингтон жариялаған жаңа шектеу шараларына бағынбақ емес.
Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен бұдан ары да сауда-экономикалық байланысын сақтап қалатын елдердің америка нарығына кіру мүмкіндігінен айырылатынын ескерткен. Трамп Иранға қарсы санкцияны қалпына келтіре отырып, Тегеранды зымыран жасауын және Таяу Шығыстағы терроризмді қаржыландыруын тоқтатуға мәжбүрлеу арқылы "бейбітшілік орнатқысы келетінін" ұқтырған.
АҚШ пен Қытай соңғы айларда өзара экспорттайтын тауарларына баж салығын енгізіп, бір-бірін сауда соғысын бастап отыр деп айыптап жүр.
ПІКІРЛЕР